UFC Маддалена мен Махачев арасындағы чемпиондық жекпе-жекті бекітті

Ислам Махачев

UFC ресми түрде австралиялық Джек Делла Маддалена мен ресейлік Ислам Махачев арасындағы титулдық айқасты жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұл кездесу 15 қараша күні Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарденде» өтетін UFC 322 турнирінің басты жекпе-жегі болмақ (Қазақстан уақытымен 16 қараша таңертең). Махачев жеңіл салмақта чемпион болғаннан кейін белбеуін босатып, енді бір дивизион жоғары көтеріліп, екі салмақтың шыңын бағындыруды көздеп отыр.

Сонымен қатар турнирде тағы бір қызықты айқас күтіледі: бұрынғы чемпион, рейтингте төртінші орында тұрған британдық Леон Эдвардс бразилиялық Карлос Пратеспен (9-орын) күш сынасады.

Айта кетейік, UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде үшінші орынды қазақстандық Шавкат Рахмонов иеленіп отыр. Ол да титулға негізгі үміткерлердің қатарында.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру