UFC-дің экс-чемпионы Генри Сехудо Қазақстанға келеді

Генри Сехудо

Генри Сехудо

UFC-дің бұрынғы қос салмақтағы чемпионы, еркін күрестен 2008 жылғы Олимпиада жеңімпазы Генри Сехудо жақында Қазақстанға келмек.

Alash Pride лигасы 38 жастағы америкалық файтердің алдағы турнирлердің біріне қатысатынын хабарлады.

«Сіздермен Олимпиада чемпионы, UFC-дің наилегчайший мен легчайший салмақтардағы чемпионы сөйлесіп тұр! Жақын арада Қазақстанға келіп, Орталық Азиядағы ең мықты лигалардың бірінің жекпе-жектерін көремін. Сонымен қатар, мамыр айында менің ағам Хосе Мария Том осы жерде наилегчайший салмақта чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады! Кездескенше, достар!» — деп жазды Сехудо Alash Pride-тың Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Генри Сехудо ММА-де 16 жеңіс пен 4 жеңіліске ие. Соңғы екі жекпе-жегінде ол америкалық Алджамейн Стерлинг пен грузин Мераб Двалишвилиден жеңілген. Соңғы рет октагонға Сехудо 2024 жылдың ақпанында шыққан болатын.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
17 Янв - 15:15 ММА
Диас Өтеген ONE Championship лигасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
17 Янв - 10:32 ММА
Николай Веретенников UFC Vegas 113 турнирінде октагонға қайта оралады
14 Янв - 10:33 ММА
Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасының үздік үш жауынгерінің қатарына енді
13 Янв - 12:23 ММА
Еркебұлан Тоқтар OCTAGON лигасында Шахзод Узоковпен жекпе-жек өткізуге келісімшарт жасасты
12 Янв - 16:37 ММА
Хамзат Чимаев Алекс Перейраны жекпе-жекке шақырды
09 Янв - 21:27 ММА
Еркебұлан Тоқтар Madison Square Garden аренасында жекпе-жек өткізуді мақсат етті
07 Янв - 09:08 ММА
Конор Макгрегор Флойд Мейвезермен ММА ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді
06 Янв - 11:11 ММА
Камил Гаджиев Жалғас Жұмағұловтың Fight Nights Гран-приіне қатысуы мүмкін екенін айтты
04 Янв - 10:00 ММА
Джон Аник UFC-дің Ақ үйде өтетін дебюттік турнирінің ықтимал қатысушыларын атады
03 Янв - 10:00 ММА
Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасының P4P рейтингінде үздік төрттікке енді