UFC Бекзаттың нокаутын ерекше бағалады

Бекзат Алмахан

Бекзат Алмахан. Фото: Zuffa LLC

Монреальде өткен UFC 315 турнирінде Бекзат Алмахан канадалық Брэд Катонаны бірінші раундта нокаутқа түсіріп, көзге түсті. Осы жарқын жеңісінен кейін UFC-дің ресми Instagram парақшасы оны бірден атап өтті.

«Тұран жауынгері жекпе-жекті тез аяқтады! Бекзат Алмахан UFC 315 алғашқы кездесуінде бірінші раундта жеңіске жетті!» деп жазды ұйым. Бұл жазба Бекзаттың жеңісінің әсерлі болғанын дәлелдейді.

Айта кетейік, бұл – Алмаханның UFC-дегі екінші жекпе-жегі. Ол лигада алғаш рет өткен жылы наурызда өнер көрсетіп, Умар Нурмагомедовке төрешілер шешімімен есе жіберген болатын. Сол кездесуде Бекзат қарсыласын нокдаунға түсіргенімен, жеңіс ұпаймен ресейлік спортшыға берілді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
17 Янв - 15:15 ММА
Диас Өтеген ONE Championship лигасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
17 Янв - 10:32 ММА
Николай Веретенников UFC Vegas 113 турнирінде октагонға қайта оралады
14 Янв - 10:33 ММА
Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасының үздік үш жауынгерінің қатарына енді
13 Янв - 12:23 ММА
Еркебұлан Тоқтар OCTAGON лигасында Шахзод Узоковпен жекпе-жек өткізуге келісімшарт жасасты
12 Янв - 16:37 ММА
Хамзат Чимаев Алекс Перейраны жекпе-жекке шақырды
09 Янв - 21:27 ММА
Еркебұлан Тоқтар Madison Square Garden аренасында жекпе-жек өткізуді мақсат етті
07 Янв - 09:08 ММА
Конор Макгрегор Флойд Мейвезермен ММА ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді
06 Янв - 11:11 ММА
Камил Гаджиев Жалғас Жұмағұловтың Fight Nights Гран-приіне қатысуы мүмкін екенін айтты
04 Янв - 10:00 ММА
Джон Аник UFC-дің Ақ үйде өтетін дебюттік турнирінің ықтимал қатысушыларын атады
03 Янв - 10:00 ММА
Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасының P4P рейтингінде үздік төрттікке енді