The Sun: «Челси» жанкүйерлері Сатпаевтан «Реалға» қарсы ойында жарқын өнер күтеді

Дастан Сатпаев Кайрат

Фото: Getty Images

Британдық The Sun басылымының журналисі Рахман Осман «Челси» жанкүйерлерінің қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевқа деген қызығушылығы артқанын айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Оның сөзінше, бұл ықылас Кобэмдегі академияда Коул Палмермен бірге түскен суреттен кейін күшейген.

Англияда Сатпаевтың ойынын аргентиналық Серхио Агуэроға ұқсатады. «Көптеген „Челси“ жанкүйерлері оны алғаш рет „Реалға“ қарсы ойында көреді. Егер гол соқса, танымалдығы күрт өсуі мүмкін. Оның таланты биыл Бразилиядан келген әрі негізгі құрамға орныққан Эстеваомен деңгейлес. Егер өзін жақсы қырынан көрсетсе, келесі жазда „Челсидің“ негізгі құрамымен маусым алдындағы дайындыққа шақыру болуы ықтимал», — деді Осман.

Еске салайық, 2025 жылдың ақпанында «Қайрат» Дастан Сатпаевты 4 миллион еуроға «Челсиге» сатуға келісім бергенін хабарлаған. Ол Лондон клубына 2026 жылдың тамызында, 18 жасқа толғанда қосылады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру