«Супер Саян» Тайлақ Нұражы UFC-дегі алғашқы айқасында жеңіске жетті

Тайлак Нуражы

Фото: Zuffa LLC

Қытайдан шыққан этникалық қазақ файтері Тайлақ Нұражы (11-1) «Супер Саян» лақап атымен UFC-дегі дебютін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Шанхайда өткен UFC Fight Night 257 турнирінде ол ирландиялық Кифер Кросбимен (10-5) күш сынасты. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталып, Тайлақ қарсыласын нокаутқа түсірді.

Бұл жеңіс Тайлақтың кәсіби мансабындағы 12-ші жетістігі болды және UFC-дегі алғашқы айқасында сәтті дебют жасауына мүмкіндік берді. Ал Кросби үшін бұл ММА-дағы алтыншы, UFC-дегі үшінші жеңілісіне айналды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру