Сульшердің тізімінде жоқ: Зайнутдинов «Бешикташтан» кетуі мүмкін

Фото: Anadolu via Getty Images
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов маусым соңында «Бешикташ» клубымен қош айтысуы ықтимал. Бұл жөнінде түрік басылымы «Sporx» хабарлады.
Клубтың бас бапкері Уле Гуннар Сульшер келесі маусымда құрамда көрмейтін ойыншылар тізімін жасақтаған. Сол тізімде Зайнутдиновпен қатар Алекс Окслейд-Чемберлен, Тайып Талха, Йонас Свенссон, Онур Булут, Жоау Мариу, Чиро Иммобиле, Эрнест Мучи және Эрсин Дестаноғлу бар.
Бақтиер бұл маусымда жарақатына байланысты алаңға сирек шықты. Жалпы есепте ол 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген.