Стас Покатиловтың командасы Әзербайжан кубогының финалына жолдама алды

Стас Покатилов. Фото: Getty Images
Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов ойнайтын «Сабах» Әзербайжан кубогының жартылай финалы аясында «Нефтчиге» қарсы қарымта матч өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті. Ойын Масазыр қаласында өтті.
Кездесудің 24-минутында Джесси Секидики есеп ашқан, алайда 40-минутта Эмин Махмудов таразы басын теңестірді. Покатилов матчты негізгі құрамда бастап, толық ойнап шықты.
Бұған дейінгі бірінші ойын 2:1 есебімен «Сабахтың» пайдасына шешілген еді. Екі ойынның қорытындысы бойынша (2:1, 1:1) «Сабах» финалға жолдама алды.
Енді 1 маусым күні команда финалда қазіргі кубок иегері «Қарабақпен» кездеседі.