Стадион бар, стандарт жоқ: Қазақ футболының инфрақұрылымдағы күйі

Астана Арена

Фото: ФК Астана

Қазақ футболының дамуына кедергі болып тұрған басты мәселелердің бірі – стадиондардың жағдайы. Жыл сайын қыруар қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына қарамастан, еліміздегі көптеген ареналар заманауи талаптарға сай емес.

Мәселен, Қарағандыдағы жағдай елдегі стадион инфрақұрылымының шынайы көрінісіндей. 1958 жылы салынған стадион 2001 жылы күрделі жөндеуден өтсе де, содан бері бірнеше рет қайта-қайта жамап-жасқалған. 2020 жылы Италиядан жасанды газон әкелініп, автоматты суару мен жылыту жүйесі орнатылғанымен, 2024 жылы тағы да 1,63 миллиард теңгеге жөндеу жұмыстары басталды. Ең қызығы, бұл жұмыстар аяқталмай жатып, 2026 жылы жаңа стадион салынатыны туралы ресми мәлімдеме жасалды.

Петропавлдағы жағдай да осыған ұқсас. «Карасай» стадионы соңғы сегіз жылда бірнеше кезеңмен жөнделіп келеді. Бірінші кезеңге 1,2 миллиард, екіншісіне 1,5 миллиард теңге жұмсалды. Үшінші кезең – футбол академиясының құрылысы әлі алда. Ал Көкшетауда «Окжетпес» өз алаңында сирек ойнайды. Жыл сайын әртүрлі себеппен жөндеуге жабылады. Төрт жарым мың ғана адам сиятын стадионға жыл сайын қыруар қаражат кететіні көпшілікті таңдандырады.

Атыраудағы жағдай мүлде алаңдатарлық. «Мұнайшы» стадионы футболшылар мен жанкүйерлер үшін жайсыз орынға айналған. Душ жоқ, киіну бөлмелері талапқа сай емес. Жуырда ғана сыртқы әрлеу жұмыстарына 33 миллион теңге бөлінгенімен, толық жаңарту 2025–2026 жылдарға жоспарланып отыр. Ал елдегі басты арена – «Астана Аренада» шатырынан су ағып, ішіне шелек қойылған сәттер болды. Реконструкция 15 миллиард теңгеге бағаланып, тек 2025 жылдың басында аяқталды. Енді кезек Алматыдағы Орталық стадионға келді. Жоба дайындалып жатыр, жоспарда – көрермен санын 23 мыңнан 35 мыңға дейін арттыру.

Жалпы алғанда, инфрақұрылымдағы мәселе – тек стадиондарда ғана емес. Бұл клубтардың тұрақсыздығына, өз алаңында ойнау мүмкіндігін жоғалтуына да тікелей әсер етіп отыр. Еурокубокқа сирек шығатын, ішкі чемпионатта әрең жүрген командалар футболдан бөлек, алаң мәселесінде де қиналып келеді. Жөндеулер жиі жүрсе де, нақты шешімдер мен ұзақмерзімді жүйе жоқ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді