Шыңғыс Есенаманов: «Қателіктеріміз қымбатқа түсті»

Чингиз Есенаманов

Чингиз Есенаманов

Қазақстан футзал құрамасының капитаны Шыңғыс Есенаманов Арменияға қарсы өткен (2:4) іріктеу матчы жайлы пікір білдірді.

«Өз ойынымызды көрсете алмадық. Бапкерлер барлығын түсіндірді, алайда алаңға шығып, қарапайым қателіктерге жол бердік. Ал қарсылас мұны кешірмеді. Матч алдында тактикалық тұрғыда жіті талдаған Никита Хромых бізге үш гол соқты. Бұған дейін де Армениямен өткен алғашқы ойында, Данияға қарсы кездесуде қателіктерге бой алдырдық. Соның салдарынан шешуші матчта осындай жағдайға тап болдық», – деді ол.

Футзалшының айтуынша, командадағы көңіл-күй ауыр.

«Ешкім сөйлескісі келмейді. Маған капитан ретінде пікір білдіруге тура келді. Армения құрамы өте мықты болды, олар өз жолдамасына лайық. Өзімнің алғашқы Еуроға жолдама алған сәтімді еске түсірдім – керемет сезім. Ал бізде плей-оффқа шығу мүмкіндігі өте аз, барлығы басқа топтардағы нәтижелерге байланысты», – деді ойыншы.

Сондай-ақ ол кейбір тәжірибелі ойыншылар үшін бұл соңғы Еуропа чемпионаты болуы мүмкін екенін айтты.

«Турнирде ойнап, сол жерде мансабымызды аяқтағымыз келген. Бірақ енді тек күту ғана қалды», – деп қорытындылады Есенаманов.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
18 Окт - 15:05 Футбол
«ПСЖ» Ламин Ямальды алу үшін рекордтық сома ұсынбақ
18 Окт - 10:00 Футбол
«Астана» мен «Ақтөбе» ойынына барлық билет сатылып кетті
16 Окт - 08:28 Футбол
«Ақтөбенің» бас бапкері ҚПЛ-дың басқа клубына ауысуы мүмкін
15 Окт - 18:00 Футбол
Лионель Месси Майамиде халықаралық жасөспірімдер турнирін өткізеді
15 Окт - 13:31 Футбол
Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Денис Мамонов қызметінен кетті
15 Окт - 12:55 Футбол
Дастан Сатпаев — The Guardian таңдаған әлемнің ең үздік жас футболшыларының қатарында
15 Окт - 11:32 Футбол
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде үш сатыға көтерілді
15 Окт - 08:49 Футбол
Карим Бензема Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін
14 Окт - 21:27 Футбол
Футзалдан Қазақстан құрамасының Өзбекстанмен өтетін жолдастық матчтарға шақырылған ойыншылар тізімі
14 Окт - 16:20 Футбол
Исламбек Қуат Македониямен өткен матчтан кейін құрамадан кетпек болған