Шавкат Рахмонов жыл соңына дейін октагонға оралмақ

Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмонов. Фото: Zuffa LLC

UFC-де жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов биылғы жылдың соңына дейін жекпе-жекке оралу жоспары бар екенін айтты.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта жарақатын емдеп жатыр. Қараша не желтоқсан айларында қайтып келуді көздейді.

«Бәрі жағдайыма байланысты. Дайын болсам, шығамын».

Қарсылас таңдауға келгенде, Шавкат титул үшін айқасқысы келетінін жасырмады. Дегенмен, талапкерлік жекпе-жекке де қарсы емес. Ол тіпті Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена арасындағы жұптың жеңімпазымен де кездесуге дайын екенін жеткізді.

«Қазірше менің ойымда – титул үшін айқас. Ислам Махачев Джек Делла Маддаленаға қарсы шығады… Маған бәрібір. Қаласақ, талапкерлік жекпе-жек те болады. Кім болса да, бастысы – өзімнің дайын болуым», – деді Рахмонов UFC Eurasia-ға берген сұхбатында.

Айта кетейік, Рахмонов соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
29 Янв - 18:35 ММА
Ислам Махачевтің келесі жекпе-жегі мамыр немесе маусым айларына жоспарлануы мүмкін
28 Янв - 14:46 ММА
Жалғас Жұмағұлов Шавкат Рахмоновтың октагонға оралу уақыты туралы пікір білдірді
27 Янв - 08:15 ММА
Mangu MMA лигасында Азат Мақсұм мен Рамазан Темиров титул үшін кездеседі
23 Янв - 14:07 ММА
Қаршыға Дәуітбек Rizin 52 турнирінде Жапонияда жекпе-жек өткізеді
22 Янв - 21:00 ММА
Жалғас Жұмағұлов UFC-ке қайта оралу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр
17 Янв - 15:15 ММА
Диас Өтеген ONE Championship лигасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
17 Янв - 10:32 ММА
Николай Веретенников UFC Vegas 113 турнирінде октагонға қайта оралады
14 Янв - 10:33 ММА
Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасының үздік үш жауынгерінің қатарына енді
13 Янв - 12:23 ММА
Еркебұлан Тоқтар OCTAGON лигасында Шахзод Узоковпен жекпе-жек өткізуге келісімшарт жасасты
12 Янв - 16:37 ММА
Хамзат Чимаев Алекс Перейраны жекпе-жекке шақырды