Шавкат Рахмонов жаттығуға оралды

Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмонов. Фото: Zuffa LLC

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов жарақатынан толық айығып, дайындықты жалғастырып жатыр. Бұл туралы оның менеджері Эдуард Базров мәлімдеді.

«Шавкат толыққанды жаттығуға кірісті. Денсаулығында ешқандай мәселе жоқ, жүз пайыз дайындала алады. Бірақ жыл соңына дейін оны октагонда көрмейміз деп ойлаймын», — деді Базров «Спорт Шредингер» басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Рахмонов соңғы жекпе-жегін бір жыл бұрын өткізген болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру