Шавкат Рахмонов жарақаты жайлы қауесетке жауап берді

Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмонов. Фото: Zuffa LLC

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов бес айлық үзілістен кейін X (бұрынғы Twitter) парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жекпе-жек шебері жарақатына қатысты тараған қауесеттерге жауап беріп, жанкүйерлерін сабыр сақтауға шақырды:

«Күн сайын жаттығамын. Қайтып оралатын күн алыс емес. Октагонға шығуды асыға күтемін».

Бұл қысқа жазба Рахмоновтың жағдайына қатысты жалған ақпараттарға нақты жауап болды және ММА жанкүйерлерінің арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру