Шавкат чемпиондық жекпе-жексіз қалды: Белал Маддаленамен кездеседі

Делла Маддалена

Делла Маддалена

10 мамырда Монреальда өтетін UFC 315 турнирі жанкүйерлерге екі титулдық жекпе-жек ұсынады.

UFC президенті Дана Уайт турнир аясында өтетін бірнеше жекпе-жекті Instagram парақшасында жариялады. Кештің басты айқасында жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммад (24-3, 1 NC) атағын қорғау үшін Джек Делла Маддаленаға (17-2) қарсы шығады.

Бастапқыда австралиялық файтер Леон Эдвардспен UFC London турнирінде кездесуі керек еді. Алайда, жоспардағы өзгерістер оған чемпиондық белбеу үшін алғаш рет жұдырықтасуға мүмкіндік берді. Делла Маддалена қатарынан 17 жеңіске жетіп, оның жетеуін UFC октагонында иеленген.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру