«Шахтердің» президенті қызметінен кетуі мүмкін

Шахтер

Шахтер

Қарағандының «Шахтер» клубының президенті Талғат Дюсеков жақын күндері қызметінен кетуі ықтимал. Бұл жөнінде «Серый CARDINAL» телеграм-арнасы хабарлады, деп жазады Pin-UpSport.kz.

Ақпаратқа сәйкес, шешім клуб ішінде қабылданып қойған. Маусым басында фаворит саналған қарағандылықтар 18 турдан кейін турнир кестесінде төртінші орында тұр. Команда көшбасшы «Каспийден» сегіз ұпайға, ал екінші орындағы павлодарлық «Ертістен» алты ұпайға қалып қойған.

Айта кетейік, кеше Қарағанды облыстық футбол федерациясының президенті болып Тимур Турлов сайланды. Оның қаржысы 7,3 миллиард доллар деп бағаланады. «Шахтер» — ел чемпионы атанған екі дүркін жеңімпаз, Кубок иегері әрі Қазақстаннан алғаш болып еурокубоктар топтық кезеңіне шыққан клуб.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар