Шахматшы Ксения Балабаева Азия біріншілігінде қола жүлде иеленді

Ксения Балабаева

Ксения Балабаева. Фото: kazsports.kz

Әл-Айн қаласында өткен классикалық шахматтан Азия чемпионатында Ксения Балабаева үздік үштіктен көрінді. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы мәлімдеді.

Қыздар арасындағы жарыста ұлттық құраманың ойыншысы 9 партияның қорытындысында 7 ұпай жинады. Шешуші ойында Балабаева моңғолиялық Батхуягийн Монгонтуулды жеңіп, қола медальға қол жеткізді.

Жарыс алдында қазақ шахматшылары ТОП-10 фаворит қатарына енбеген еді. Сондықтан бұл нәтиже біз үшін ерекше. Еске сала кетейік, бұған дейін блиц турнирде Алуа Нұрман Азия чемпионы атанған болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру