Сарапшы жеңіске жеткен Асу Алмабаевты сынады

Асу Алмабаев

Фото: Zuffa LLC

Ресейлік ММА журналисі әрі сарапшысы Игорь Лазорин Абу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турнирінде Асу Алмабаевтың жеңісі жайлы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Сарапшының айтуынша, Алмабаев төрешілер шешімімен жеңіске жеткенімен, оның тәсілдері шектеулі. «Проход пен оң қолмен жасалатын оверхендтен басқа ештеңе көрінбейді. Тәжірибелі, жан-жақты қарсыластармен қиындық тууы мүмкін», – деп жазды ол телеграм-арнасында.

Бұл – Асу Алмабаевтың UFC-дегі бесінші жеңісі. Қазір оның рекорды – 5 жеңіс, 1 жеңіліс.

Айта кетейік, осы турнирдің басты жекпе-жегінде Ренье де Риддер Роберт Уиттакерді, ал қосалқы кездесуде Пётр Ян Маркус Макгиді ұтты.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру