Ресейлік маман Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтыруы мүмкін

Фото: kff.kz
Ресейлік маман Сергей Ташуев бұрынғы кеңестік елдердің бірінің ұлттық құрамасын басқаруы ықтимал екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
«Өзімді толық көрсетуге, мықты клуб құруға немесе ұлттық құрамамен жұмыс істеуге ниеттімін. Энергиям да, жігерім де жеткілікті. Қазір екі құраманың тізімінде бармын. Қызығушылық болса, хабарласатындары анық. Әңгіме посткеңестік кеңістіктегі құрамалар жайлы», — деді Ташуев «Советский спорт» басылымына берген сұхбатында.
Бұған дейін ол Алматының «Қайратын» жаттықтыруы мүмкін екенін де меңзеген еді.