Ресей шенеуіктері футболдан халықаралық жарыстарға жақында оралуға ниетті

УЕФА. Фото: NurPhoto via Getty Images
Ресей спорт министрі әрі Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Михаил Дегтярев ресейлік клубтардың жақын уақытта ФИФА мен УЕФА аясындағы турнирлерге қайта қатысатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
«Әрине, қайта ораламыз. Біз ешқайда кеткен жоқпыз. Еурокубоктер уақытша жабық, бірақ міндетті түрде қайта ораламыз. Чемпионатты күшейтіп, жас ойыншыларды дайындау жүйесін құру, оларға көбірек тәжірибе беру керек. Бұл туралы біз РФС-пен сөйлесіп жүрміз», — деді Дегтярев «Матч ТВ»-ге берген сұхбатында.
Еске салайық, 2022 жылдың ақпан айының соңынан бастап Ресей құрамасы мен клубтары ФИФА және УЕФА шешімімен халықаралық жарыстардан шеттетілген болатын.
Бұған дейін «Целе» клубының президенті әрі Ресей скейтбординг федерациясының вице-президенті Валерий Колотило УЕФА басшысы Александер Чеферин ресейлік футболды халықаралық аренаға қайтару бағытында жұмыс істеп жатқанын айтқан еді.