«Реал» Алматыға «Қайратпен» ойынға келді

Реал Мадрид

Фото: Getty Images

Мадридтік «Реал» футболшылары Алматыға келді. Олар 30 қыркүйек күні Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайраттың» алғашқы үйдегі матчын өткізеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Әуежайға команда қонған сәттен-ақ жанкүйерлер көптеп жиналды. Балалар да бар, жалпы атмосфера ерекше болды. Қауіпсіздік шараларын полиция күшейтіп, футболшыларды арнайы күзетпен әуежайдан алып шықты.

Испаниялық клубтың жанкүйерлері де осы ұшақпен бірге Алматыға жетті. Сонымен қатар, әуежайға Қазақстанның туын көтеріп, «Қайратқа» қолдау білдіруге келген жанкүйерлер де болды.

Айта кетейік, «Реал» бұл матчқа алдын ала жариялаған құрамымен келді. Алайда жарақат алған Трент Александр-Арнольд, Антонио Рюдигер, Ферлан Менди, Даниэль Карвахаль және Эдер Милитао сапарға шыққан жоқ. «Қайрат» пен «Реалдың» кездесуі 30 қыркүйекте, Астана уақытымен 21:45-те басталады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру