Рахмоновтың командасы UFC-тен кетеді деген сыбыстарға жауап берді

Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмонов. Фото: Zuffa LLC

Ресейлік БАҚ-та тараған Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі мансабын аяқтайды деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Dar Team командасының жетекшісі Бауыржан Ұталиев Kazinform сайтына берген сұхбатында бұл мәліметтің еш негізі жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, Рахмонов күн сайын жаттығуын жалғастырып, октагонға оралуға дайындалып жүр.

Бұған дейін танымал ММА журналисі Харви Леонард қазақстандық спортшының өнеріне қатысты пікір білдіріп, оның әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттілігін жоғары бағалаған болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру