Рахмонов пен Брэди Катардағы UFC турнирінің басты жекпе-жегіне шығуы мүмкін

Шавкат Рахмонов. Фото: Zuffa LLC
Шавкат Рахмонов (19-0, UFC: 7-0) пен америкалық Шон Брэди (18-1, UFC: 8-1) 22 қараша күні Дохада өтетін UFC турнирінде кездесуі ықтимал, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Бұл жекпе-жек Шавкат үшін P4P рейтингінің топ-15 қатарына кіргеннен кейінгі алғашқы айқасы болмақ. Полусредний салмақта қазақстандық үшінші орында тұрса, Брэди екінші сатыда орналасқан.
Айқас кештің басты оқиғасына айналуы мүмкін. Жеңімпаз UFC чемпиондық белдігіне таласу құқығын алады.
Шон Брэди бұған дейін UFC тарапынан ұсыныс алғанын, дата мен қарсылас аты белгіленгенін айтқан. Дегенмен келісімшартқа қол қою әлі аяқталған жоқ.