Қуат Хамитов күзде төрт жекпе-жек өткізуі мүмкін

Куат Хамитов

Куат Хамитов

Қазақстандық ММА спортшысы Қуат Хамитов алдағы айларда октагонға қайта оралатынын меңзеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Instagram парақшасында Хамитов:

«Екі айдың ішінде төрт рет жекпе-жекке шығу керек екенін түсінген сәттегі түрім. Қыркүйек пен қараша аралығына төрт жақсы ұсыныс бар», — деп жазды.

Ол соңғы рет 2024 жылдың қыркүйегінде бокстан дебюттік кездесу өткізіп, Нурберген Шәріповпен алты раундтық жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Осы жекпе-жек нәтижесінде Қуат WBC Allstars арнайы белбеуіне ие болды.

ММА ережесі бойынша соңғы кездесуін мамыр айында ресейлік ардагер Александр Шлеменкомен өткізіп, ұпай санымен жеңіліп қалған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру