Қуат Хамитов 23 қазанда Дубайда жекпе-жек өткізеді

Куат Хамитов
Қазақстандық танымал ММА жауынгері Қуат Хамитов октагонға қайта оралатынын хабарлады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Келесі кездесуі 23 қазанда Дубайда (БАӘ) өтетін ACA 194 турнирінде өтпек. Оның қарсыласы — ресейлік спортшы Анатолий Бойко.
Жекпе-жекке арналған ресми постерді Хамитов Instagram парақшасында жариялап, қысқаша «Дубай, 23 қазан. Қуат Хамитов (29-8-2) vs. Анатолий Бойко (12-4)» деп жазды. Бұл оның 2024 жылдың қыркүйегінде Нұрберген Шәріповті жеңген кәсіби бокс жекпе-жегінен кейінгі алғашқы кездесуі болмақ.
Бұған дейін екі спортшының айқасы 14 қыркүйекте Алматыда өтуі тиіс еді, алайда қазақстандық жауынгердің жарақатына байланысты кездесу қазан айына шегерілді. Ұйымдастырушылар жекпе-жектің Дубайдағы халықаралық турнир аясында өтетінін растады.
Айта кетейік, «Найман» соңғы уақытта тек спортта ғана емес, қоғамда да белсенді. Ол жақында жастар құрамасының Андорраға қарсы жеңілісіне қатысты пікір білдіріп, футбол жанкүйерлері арасында қызу талқылау тудырды.