Қазақстанның тумасы UFC-де чемпиондық титулға үміткер болуы мүмкін

Рафаэль Физиев

Рафаэль Физиев

Менеджер Саят Әбдірахманов Sport24.Ru басылымна Рафаэль Физиевтің 9 наурызда UFC 313-те Джастин Гэтжимен кездесетінін растады. Ол Физиевтің бабында екенін және бұл жекпе-жекке дайын екенін айтты.

Бұған дейін Физиевке Бенуа Сен-Денимен айқасу ұсынылған. Бірақ UFC бұл мүмкіндікті Ренато Мойканоға берді. 2023 жылдың соңында қарсылас табылмады. Ақпанда Матеуш Гамрот ұсыныстан бас тартты. Енді Физиев UFC-дегі ең қауіпті қарсыластардың бірімен айқасады.

Егер Физиев Гэтжиді жеңсе, ол чемпиондық белбеуге үміткер атануы мүмкін. Бұл дивизиондағы жағдайға байланысты болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру