Қазақстанның J тобындағы қарсыластары Солтүстік Македония мен Бельгия тең түсті

Северная Македония — Бельгия

Фото: Getty Images

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Македония құрамасы өз алаңында Бельгиямен тең түсті – 1:1. Бұл кездесу J тобындағы маңызды ойындардың бірі болды.

Бельгия сапынан есепті 28-минутта қорғаушы Максим де Кюйпер ашты. Алайда ойынның соңғы минуттарында македониялық Жуниор Алиоски дәл соққымен жауап беріп, командасын жеңілістен құтқарып қалды.

Үш турдан кейін Солтүстік Македония 5 ұпаймен топтың екінші сатысында келеді. Ал Бельгия құрамасы небәрі 1 ұпаймен төртінші орынға жайғасты.

Келесі матчты македондар 9 маусым күні Астанада Қазақстан құрамасына қарсы өткізеді. Кездесу «Астана Арена» стадионында сағат 19:00-де басталады. Осы күні Бельгия құрамасы Уэльспен ойнайды – матч 23:45-те басталады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді