Қазақстандық жас шахматшы гроссмейстер алуға жақын

Эдгар Мамедов

Эдгар Мамедов. Фото: Lada.kz

Ақтаулық 14 жастағы шахматшы Эдгар Мамедов – Қазақстан тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды. Жасөспірім Испанияда өткен екі халықаралық турнирде керемет нәтиже көрсетті.

Әсіресе Semana Santa San Vicente del Raspeig 2025 турнирінде жарқ етіп көрінді. Мамедов 9 партияның 7-сінде жеңіске жетіп, бірде-бір рет жеңілген жоқ. Ең әсерлі сәт – шахмат әлемінің аңызы Василий Иванчукпен тең ойын көрсетті.

Қазір оның FIDE рейтингіндегі ұпайы – 2453. Гроссмейстер атағына ресми түрде қол жеткізу үшін небәрі 47 ұпай қалды. Бұл мәртебе FIDE Президенттік кеңесінің алдағы отырысында бекітілуі мүмкін.

Айта кетейік, Эдгар – Қазақстанның абсолют чемпионы, рапидтен Азия жеңімпазы және классикада Азия біріншілігінің күміс жүлдегері.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру