Қазақстан U-17 және U-19 Еуропа чемпионатын өткізуді көздеп отыр

Фото: UEFA via Getty Image
Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман УЕФА президенті Александр Чефериннің елімізге жасаған сапарының басты мақсатын айтты.
«Жақында УЕФА президенті Чеферин келді. Ұзақ баяндамай-ақ қояйын, басты мақсатын айтайын: біз U-17 және U-19 Еуропа чемпионатын өткізгіміз келеді. Бұл футбол инфрақұрылымын дамытуға және жалпы футболды ілгерілетуге үлкен серпін береді», – деді Құрман өзінің YouTube арнасында.
Айта кетейік, Александр Чеферин 2025 жылдың 25 сәуірінде Қазақстанға ресми сапармен келіп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және ҚФФ басшылығымен кездесті.