Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды: Сәтпаев шақырту алды

Сборная Казахстана

Фото: CameraSport via Getty Images

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қыркүйек айында өтетін Уэльс пен Бельгияға қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Тізімге 37 ойыншы енді.

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым, Бағдат Қайыров (екеуі де – «Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов, Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (бәрі – «Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Арсен Әшірбек («Оқжетпес»);

Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де – «Оқжетпес»), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (екеуі де – «Жеңіс»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Муроджон Халматов, Эльхан Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Дамир Қасабулат («Қайрат»);

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»), Иван Свиридов («Елімай»).

Нақты тізім анықталғанға дейін өзгерістер болуы мүмкін. Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанда басталады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйекте екі ойын өткізеді. 4 қыркүйекте Астанада Уэльс құрамасын қабылдаса, 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен кездеседі. Екі ойын да 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.

Уэльске қарсы ойын «Астана Аренада» Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Билеттер Ticketon.kz сайтында қолжетімді.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру