Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македониямен тең ойнады

Фото: КФФ
Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македониямен кездесіп, тең нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Ойын Скопье қаласында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Алғашқы тайм тең деңгейде өткенмен, Талғат Байсуфинов шәкірттері допқа иелік ету мен соққы жасау жағынан басым болды. Екінші таймның 54-минутында Дінмұхаммед Қараман әдемі «өзіне алып соққы» арқылы ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты.
Алайда бұл артықшылық ұзаққа созылмады: 74-минутта Энис Барди есепті теңестіріп, иелеріне бір ұпай сыйлады.
Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 7 ұпай болды. Келесі матч 15 қараша күні Астанада Бельгияға қарсы өтеді.