Қазақстан құрамасы рейтингте бір орынға төмендеді

Фото: PA Images via Getty Images
Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА жаңартқан рейтингте бір саты төмен түсіп, 114-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Жаңа тізім бойынша Қазақстан Вьетнамнан (113) кейін, Мадагаскардың (115) алдында орналасқан. Әлемдік көшбасшылар үштігіне Аргентина, Испания және Франция енген.
Бұл көрсеткіш маусымдағы нәтижелермен байланысты: Қазақстан құрамасы алдымен Беларусьтен жол берді (1:4), кейіннен Солтүстік Македониямен өткен іріктеу матчында да жеңіліп қалды (0:1).