Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды

Казахстан — Узбекистан. Фото: kff.kz
Қазақстан футбол құрамасы жаңа халықаралық FIFA Series турниріндегі қарсыластарын білді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Халықаралық футбол федерациясы турнирге қатысатын құрамаларды, топтарды және ойын кестесін бекітті. Соған сәйкес Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында өнер көрсетіп, Намибия, Комор аралдары және Кувейт құрамаларымен кездеседі.
Қазақстан қатысатын матчтар 2026 жылдың 23–31 наурызы аралығында елордадағы Астана Арена стадионында өтеді. Қазақстан FIFA Series жобасының алғашқы қабылдаушы елдерінің қатарына енді. Турнирдің үйде өтуі ұлттық командаға қолайлы жағдай жасап, жанкүйерлердің қолдауымен ойын сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
FIFA Series — ФИФА бастамасымен ұйымдастырылған жаңа халықаралық формат. Турнирдің басты мақсаты — ұлттық құрамаларға ресми іріктеу кезеңдерінен тыс уақытта тұрақты матчтар өткізуге және әртүрлі құрлық өкілдерімен тәжірибе алмасуға жағдай жасау. 2026 жылы бұл жарысты сондай-ақ Австралия, Әзербайжан, Индонезия, Маврикий, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстан қабылдайды.
Қазақстан құрамасы үшін FIFA Series 2026 турнирі алдағы ресми жарыстарға дайындықтың маңызды бөлігі болмақ. Бұл кездесулер бапкерлер штабына команданың қазіргі деңгейін бағалауға, тактикалық шешімдерді сынауға және құрамдағы ішкі бәсекені күшейтуге мүмкіндік береді. Бұған дейін ұлттық құрама 2026 жылғы ФИФА рейтингіндегі алғашқы позициясын да білген болатын, ал алдағы матчтар сол бағыттағы жұмыстың заңды жалғасы саналады.
Зарина Дияс Australian Open-2026 турнирін бірінші айналымда аяқтады
Елена Рыбакина Australian Open турнирін сенімді жеңіспен бастады
