Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары күзде жолдастық кездесу өткізеді

Сборная Казахстана по футболу

Сборная Казахстана по футболу. Фото: PA Images via Getty Images

Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман ұлттық құраманың Өзбекстанмен жолдастық матч өткізу жоспары туралы мәлімдеді. Айтуынша, кездесу биылғы жылдың соңына қарай Шымкентте не Түркістанда өтеді.

«Осы матчты Түркістанда өткізгіміз келеді. Бірақ Шымкент нұсқасы да қарастырылып жатыр. Ол жақта алаң сапасы жақсы, жаңа табло орнатылды. Неге сол жерде өткізбеске? Бұған дейін қос құрама Шымкентте эмоцияға берілген еді, енді сол жерде татуласуға болады», — деді Құрман «Спорт Пульс» YouTube арнасындағы подкаста.

Оның сөзінше, Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары футзалда да жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеуі аясында тағы алты ресми ойын өткізеді. Алғашқы турда Уэльстен 1:3 есебімен ұтылып, екінші матчта Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңді.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру