Қазақстан мен Канада арасындағы Билли Джин Кинг кубогының матчының жеребесі өтті
Астанада Қазақстан мен Канада құрамалары арасындағы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчының жеребесі өтті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Алдағы қарсыластықтағы ойындардың реті мен жұптар анықталды.
Қарсыластықты 10 сәуір күні Юлия Путинцева мен Кайла Кросс бастайды. Сол күні Соня Жиенбаева мен Бьянка Андрееску де өзара кездеседі.
Жұптық сында Анна Данилина/Жибек Куламбаева және Ариана Арсено/Александра Ваграмов дуэттері ойнайды. Сонымен қатар Путинцева — Андрееску және Жиенбаева — Кросс кездесулері жоспарланған. Қарсыластық үш жеңіске дейін жалғасады.
Ойындар 10 және 11 сәуір күндері «Beeline Arena» корттарында өтеді. Жеңімпаз команда турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алады.


