Қазақстан мен Беларусь құрамалары Минскіде жолдастық матч өткізеді

Сборная Казахстана

Сборная Казахстана

Футболдан Қазақстан мен Беларусь ұлттық құрамалары жолдастық матч өткізуге келісті. «Ухо» телеграм-арнасының хабарлауынша, кездесу 6 маусым күні Минскіде өтпек.

Бұл ойын қос құрама үшін алдағы ресми матчтарға дайындықтың бір бөлігі болмақ. Ал 10 маусымда Беларусь құрамасы тағы бір жолдастық кездесу өткізіп, Ресей құрамасын қабылдайды.

ФИФА жаңартылған рейтингіне сәйкес, Беларусь 98-орында тұр, ал Қазақстан 110-сатыға жайғасқан.

Айта кетейік, кеше Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңіп, маңызды үш ұпайға қол жеткізді.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру