Қазақстан көркем гимнастикадан әлем кубогында қола жүлдеге қол жеткізді

Казахстанские гимнастки

Казахстанские гимнастки. Фото: kazsports.kz

Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы топтық бағдарламада 5 лента жаттығуында қола медаль жеңіп алды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қытай құрамасы алтын медаль иеленсе, Польша екінші орын алды. Қазақстан сапынан Жасмин Юнусбаева, Айзере Кенгес, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай және Айзере Нұрмағамбетова өнер көрсетті.

Сонымен қатар, жекелей сында Айбота Ертайқызы шығыршық жаттығуында финалға шығып, төртінші орынға ие болды.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру