Қазақ ММА-сындағы ең даулы жекпе-жекке реванш жарияланды

Naiza

Naiza. Фото: Stan.kz

Қазақстандық ММА жанкүйерлері көптен күткен жаңалық: Naiza лигасы Қазбек Сағын (5-0) мен Бағдат Жұбаныш (5-1) арасындағы реванштың ресми өтетін күнін хабарлады. Жекпе-жек 30 мамырда Қарағанды қаласында өтеді. Басталуы – 17:00-де.

Бұл екеуінің алғашқы айқасы 2023 жылдың маусымында өткен Naiza 52 турнирінде болды. Қорытындысы жұрт арасында үлкен дау тудырып, жанкүйерлер мен мамандар арасында біраз талқыланған еді.

Бастапқыда қарымта кездесу 2024 жылға жоспарланған, алайда түрлі себептерге байланысты кейінге шегерілген. Енді ММА сүйер қауым 52 келіге дейінгі салмақта нағыз тартысты шайқастың куәсі болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру