Қазақ футболшысы Еуропа клубына ауысты

Аламгир Смақов

Аламгир Смақов

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Аламгир Смақов Түркияның «Бешікташ» клубымен келісімшартқа қол қойды.

Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Самат Смақовтың ұлы Аламгир бір жылдан бері Стамбұлдың «Бешікташ» клубының жастар командасында жаттығып келеді. 16 жастағы футболшы ресми келісімшарты болмағандықтан, ресми матчтарда алаңға шыға алмады.

Ақпан айында Аламгир Смақов «Бешікташ» клубымен келісімшартқа отырып, толыққанды ойыншысы атанды.

Айта кетейік, «Бешікташтың» негізгі құрамында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов те өнер көрсетеді.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар