Қазақ файтері Қытайдағы UFC турнирінде жекпе-жек өткізеді

road to ufc season 2 nueraji v kim scaled

Қытайдағы этникалық қазақ Тайлақ Нұражы (11-1) 23 тамызда өтетін UFC Fight Night турнирінде жарақат алған спортшының орнына жекпе-жекке шығуы ықтимал, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

24 жастағы жартылай орта салмақта өнер көрсететін файтердің лақап аты – «Супер Саян». Болжам бойынша, ол қытайлық Сон Кенанның орнына ирландиялық Кифер Кросбиге қарсы шығуы мүмкін. Бұл ақпарат ресми түрде алдағы уақытта жарияланады.

Тайлақтың 11 жеңісінің бәрі де мерзімінен бұрын аяқталған, оның 10-ы — нокаут. 2023 жылы Road to UFC шоуында оңтүстіккореялық Хан Сеул Кимді әсерлі түрде сұлатып, көпшілікке танылған. 2024 жылы ол Қазақстандағы Naiza турниріне қатысып, Алматыда тұратын бразилиялық Дуглас Пуманы нокаутқа түсірген алғашқы спортшы болды.

Шанхайда өтетін осы кеште Тайлақтан бөлек тағы екі қазақ спортшысы — Максат Қайсар мен Дияр Нұрғожай да октагонға шығады. Диярдың қарсыласы — Қырғызстан өкілі Уран Сатыбалдиев.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру