Қазақ файтері Ілияс Хамзин Karate Combat-та чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

Фото: RCC
Ресейлік ММА спортшысы, тегі қазақ Ілияс Хамзин АҚШ-тағы Karate Combat лигасында орта салмақта чемпиондық белбеуге таласу мүмкіндігін алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Ұйым президенті Асим Заиди Хамзиннің келесі жекпе-жегі титулдық болатынын мәлімдеді. Бұл Ілиястың лигадағы төртінші айқасы болмақ. Ол алғаш рет қыста дебют жасап, дисквалификацияға ұшыраған еді, алайда кейін екі қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, белбеуге дәмелі екенін көрсетті.
Соңғы кездесуде Хамзин бразилиялық Иса Силва Соузамен күш сынасты. 80 келідегі айқас бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқталып, қазақ файтері жеңіске жетті.