«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы А Сериясында ірі жеңіске жетті

Интер

Интер

4 қазан күні Миланда Италия чемпионатының алтыншы тур ойыны өтті. «Интер» өз алаңында «Кремонезені» 4:1 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Кездесудің алғашқы голын Лаутаро Мартинес 6-минутта соқты. Бірінші таймның соңында Бонни есепті еселеп, «Интерге» сенімді басымдық әкелді. Екінші кезеңде Димарко алыстан дәл соққымен көзге түссе, араға екі минут салып Барелла қорытынды нүктені қойды. Қонақтардан Боначчоли 87-минутта бір гол соғып, есепті аздап қысқартты.

Бұл жеңістен кейін «Интердің» еншісінде 12 ұпай болды, команда турнир кестесінің жоғарғы бөлігіне көтеріліп, «Романы» қуып жетті.

Серия А. 6-тур
«Интер» — «Кремонезе» — 4:1 (2:0)
Голдар: Мартинес, 6; Бонни, 38; Димарко, 55; Барелла, 57; Боначчоли, 87.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру