«Қайрат» футзал клубына бразилиялық ойыншы қосылды

Алматылық «Қайрат» футзал клубы 30 жастағы бразилиялық әмбебап ойыншы Вендел да Силва Мендеспен келісімшартқа қол қойғанын жариялады.
Бұған дейін Вендел Бразилияның «Горизонт» клубында, сондай-ақ Таиландтың «Хонгиемтакхан» және «Самутсакхон» командаларында өнер көрсеткен.
Ол Бразилия чемпионы және Кубок иегері атанып, Таиланд лигасында да жеңімпаз болған тәжірибелі ойыншы.
«Қайрат» сапындағы алғашқы ойынын Вендел алдағы маусымдағы маңызды матчтардың бірінде өткізуі мүмкін.