«Қайрат» Чемпиондар лигасының финалында тағы да сүрінді

Эдсон

Эдсон, "Кайрат". Фото: UEFA via Getty Images

4 мамырдан 5-іне қараған түні футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық ойыны өтті. Алматының «Қайраты» Испанияның «Пальмасымен» кездесіп, өкінішке қарай, тағы да шешуші сында есе жіберді.

Алғашқы таймда тартысты ойын өрбіді: тоғызыншы минутта екі команда да бір-бір голдан соқты. Бірақ тайм соңына қарай испандықтар басым түсіп, 19-минутта екі голдың авторы атанды.

Екінші тайм бастала сала «Қайрат» бесінші ойыншысын қосты, алайда бұл шешім сәтсіз болды – Фабиньо қарсылас қақпасына бірінен соң бірі төрт гол соқты. Одан кейін Негиньо мен Матеус Майя да мергендік танытып, есепті ұлғайтты. Матч соңында Турсагұлов, Рашит пен Арриета үш гол соғып, есеп айырмасын қысқартқанымен, жеңілістен құтқара алмады.

Қорытынды есеп – 9:4. Осылайша, «Пальма» үшінші рет қатарынан Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды, ал «Қайрат» екінші финалында да күміс жүлдемен шектелді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді