Путинцева Чарльстондағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Чарльстонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жұптық сынында жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол италиялық Элизабетта Коччиареттомен бірге өнер көрсетіп жатыр.
Ширек финалда қазақстандық-италиялық жұп Екатерина Горгодзе мен Рената Сарасуамен кездесті. Матчтың алғашқы сеті қарсыластар пайдасына 3:6 есебімен аяқталды.
Кейін Путинцева мен Коччиаретто ойын барысын өзгертіп, екінші партияны 7:5 есебімен жеңді. Шешуші тай-брейкте олар 10:7 есебімен басым түсіп, матчты өз пайдасына аяқтады. Кездесу 1 сағат 42 минутқа созылды.
Жартылай финалда Путинцева мен Коччиаретто америкалық Дезире Кравчик пен Кэти Макналли жұбына қарсы ойнайды.
Алдыңғы мақала:
Дәулет Дәукенов Прагада Пасторекке қарсы жекпе-жек өткізедіКелесі мақала:
Құламбаева Аурангабадтағы турнирдің жартылай финалына шықты
