Перейра Анкалаевты нокаутпен жеңіп, белбеуін қайтарып алды

Алекс Перейра

Фото: Getty Images

5 қазан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 320 турнирінің басты жекпе-жегі жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі чемпиондық реванш болды. Онда ресейлік Магомед Анкалаев пен бразилиялық Алекс Перейра кездесті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Көрермендер ұзақ айқасты күтсе де, жекпе-жек ерте аяқталды. Перейра қарсыласын дәл соққымен теңселтіп, бірден жерге құлатып, жойқын соққылармен жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр етті. Рефери Херб Дин кездесуді техникалық нокаутпен тоқтатты.

Бұл жеңіс Перейраның кәсіби мансабындағы 13-ші табысы болды және ол UFC чемпиондық белбеуін қайта иеленді. Ал Анкалаев енді 21 жеңіс, 1 тең нәтиже және 1 «no contest» көрсеткішіне 2-ші жеңілісін қосты.

Сол кеште өткен тағы бір маңызды жекпе-жекте грузиялық Мераб Двалишвили америкалық Кори Сэндхагенді жеңіп, жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қорғап қалды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру