«Ордабасыдағы» күмәнді келісімшарттар тергеліп жатыр

ФК Ордабасы

Фото: ФК Ордабасы

«Ордабасы» клубы 2023–2024 жылдары 18 ойыншымен 2,3 миллиард теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасқан, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Оның 1,9 миллиарды шетелдік легионерлерге бір маусымда төленген.

Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді Ведомство тексеріс барысында бонус төлемдерінің заңсыз тағайындалғанын анықтап, қылмыстық іс қозғаған. Тергеу барысында бюджет қаражаты мен демеушілік қаржының мақсатсыз жұмсалғаны дәлелденсе, жауапты тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Оқиға Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің клубтың қаржылық жағдайы туралы мәлімдемесінен кейін қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әсіресе Асхат Тағыбергеннің ай сайынғы 20 миллион теңге көлеміндегі жалақысы қызу талқыланды. Кейін оның «Ордабасы» клубымен келісімшарты өзара келісім негізінде бұзылды.

Қалалық спорт басқармасының бұрынғы басшысы Маратбек Мықтыбеков келісімшарттар ФИФА қорғауында болғанын айтты. Оның айтуынша, футболшыларға қатысты барлық бонус мәселесін Федерация жеке реттеген.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр
05 Мар - 21:22 Футбол
Ханси Фликтің «Барселонадағы» болашағы клуб президенті сайлауына байланысты
05 Мар - 20:11 Футбол
Жекеменшікке өткен «Ордабасы» атауын өзгертуі мүмкін