Нұрғожай UFC-тегі алғашқы жеңісіне пікір білдірді

Фото: Zuffa LC
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай UFC 326 турниріндегі жеңісінен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Жекпе-жек аяқталған соң спортшы жанкүйерлерге алғыс айтып, олардың қолдауы өзіне үлкен күш бергенін атап өтті.
Қазақстандық файтер Лас-Вегаста өткен UFC 326 турнирінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы бразилиялық дебютант Рафаэл Тобиас болды. Жекпе-жек жартылай ауыр салмақта өтті және үш раундқа жоспарланған болатын. Кездесу қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Дияр Нұрғожайға берді.
Бұл нәтиже Нұрғожай үшін UFC ұйымындағы алғашқы жеңіс болды. Бұған дейін қазақстандық спортшы ұйым аясында екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіліске ұшыраған еді. UFC 326 турниріндегі жеңістен кейін оның кәсіби мансабындағы көрсеткіші 11 жеңіс және екі жеңіліс болып тіркелді
Рыбакина WTA турнирлеріндегі жеңістер саны бойынша көш бастады
Гвардиола Англияда екі матчқа шеттетілді
