Нора Джеруто Токиода өткен әлем чемпионатында алтыншы орын алды

1757909870 1

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Токиодағы әлем чемпионатында 3000 метрге тосқауылдармен жүгіруден финалға шығып, шешуші сында бақ сынады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ол жарыстың көп бөлігінде алдыңғы топта келе жатып, соңғы айналымда қола жүлде үшін тартысты. Бірақ мәреге аз қалғанда кедергіден сүрініп, жүлдеден тыс қалды.

Нәтижесінде Джеруто 9:06.34 көрсеткішімен алтыншы орынды иеленді. Чемпион атанған кениялық Фейт Черотич 8:51.59 уақыт көрсетті. Күміс жүлде Бахрейн спортшысы Винфред Явиге (8:56.46), қола Эфиопиядан келген Сембо Алмаюға (8:58.86) бұйырды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру