Неймар қазақстандық киберспортшыны құттықтады

Неймар

Фото: Getty Images

Бразилиялық футбол жұлдызы Неймар қазақстандық киберспортшы Данил «molodoy» Голубенконы Counter-Strike 2 ойынындағы ірі турнирдегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

FURIA Esports сапында өнер көрсеткен Голубенко финалда The Mongolz командасын 3:2 есебімен тізе бүктіріп, турнирдің чемпионы атанды. Жалпы жүлде қоры 500 мың долларды құрап, оның 200 мыңы жеңімпаздарға бұйырды.

20 жастағы қазақстандық снайпер турнирдің ең құнды ойыншысы (MVP) атанып, кәсіби мансабындағы алғашқы жеке марапатын иеленді. Ол жарыс барысында 18 карт ойнап, орташа көрсеткіші 1,19 болды, тек үш ойында ғана статистикасы теріс аяқталды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру