Модрич «Реалмен» қош айтысып, «Миланға» бет түзеді

Лука Модрич

Фото: Getty Images

«Реалдың» ең атақты ойыншысы Лука Модрич мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін. La Gazzetta dello Sport мәліметінше, хорват жартылай қорғаушысы «Миланмен» келіссөз жүргізіп жатыр және екі тарап ауызша келісімге келген.

Келісімшарт бір жылға есептеліп, тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Жалақысы — салықтан кейін жылына 3,5 миллион еуро, оған қосымша бонустар да қарастырылған.

«Милан» басшылығы тәжірибелі ойыншының алаңдағы ойынды ғана емес, киім ауыстыратын бөлмедегі тәртіп пен атмосфераны да жақсартатынына сенеді. Модричті тегін алу мүмкіндігі клуб үшін тиімді шешім болмақ — оның «Реалмен» келісімі 30 маусымда аяқталады.

«Корольдік клубпен» қоштасу Модрич үшін клубтар арасындағы әлем чемпионатынан кейін өтеді. Бұл турнир 15 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та өтеді. Лука 13 жылда «Реалмен» бірге 28 трофей жеңіп алды, оның ішінде алты мәрте Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді