Модрич енді Мессимен бірге ойнауы мүмкін

Лука Модрич

Фото: El Confidencial

«Реал» сапында 12 маусым бойы өнер көрсеткен хорват жартылай қорғаушысы Лука Модрич мадридтік клубпен қоштасты. Ол өткен демалыс күндері «Сантьяго Бернабеудағы» соңғы ойынын өткізіп, жанкүйерлермен эмоциялық қоштасу сәтін бастан кешті.

DefensaCentral басылымының жазуынша, 39 жастағы ойыншы енді мансабын АҚШ-тың «Интер Майами» клубында жалғастыруы мүмкін. Бұл командада қазірдің өзінде Лионель Месси, Серхио Бускетс, Жорди Альба мен Луис Суарес өнер көрсетеді. Егер келісім жүзеге асса, Модрич бұрынғы басты қарсыластарымен бір командада ойнайды.

Ол кәсіби мансабын әлі аяқтамайды және 2026 жылғы әлем чемпионатына дейін ойнауды жоспарлап отыр. Модрич «Реалмен» бірге 28 трофей жеңіп алып, клуб тарихындағы ең титулды ойыншы атанған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді